×

Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады

Көктем айында екі аптаға жуық демалыс берілмек

 Халық үні 16.02.2022 | 09:00
фото: ашық дереккөзден

2022 жылғы наурызда азаматтар мереке мен демалыс күндерін қосқанда барлығы 12 күн демалады.

Бұл айда екі ресми мереке – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы тойланады.

Әйелдер күніне орай қазақстандықтар үш күн – 6, 7 әрі 8 наурызда демалады. Биыл 8 наурыз сейсенбіге түсетіндіктен, 5 наурыз (сенбі) жұмыс күні, ал дүйсенбі – 7 наурыз демалыс күні болады.

Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді. 19 бен 20 наурыз сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келеді. Осылайша, наурызда азаматтар бірден бес күн – 19, 20, 21, 22 әрі 23 наурызда демалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама