×

Яндекс.Такси. Бағаны қымбаттатуына байланысты тексеру басталды

Биыл компанияның қызметіне 6 арыз түскен

 Дастан Жұмабекұлы 20.09.2022 | 17:03
Фото: ашық дереккөз

Елімізде «Яндекс.Такси» компаниясының қызметіне қатысты бағаны көтерді деген айыппен тексеру басталды.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті «Яндекс Такси.Корп» ЖШС қатысты бәсекелестікті қорғау аясында тергеуді жалғастырып жатыр.

Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы, 1) тармақшасында тыйым салынған, яғни монополиялық жоғары бағаны белгілеуі бойынша тексеру жүргізілді.

Кодекстің 175-бабының 1-тармағына сәйкес, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға. Егер бұл баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажетті шығыс мен пайда сомасынан және тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағадан асып кетсе, тауардың монополиялық жоғары бағасы болып есептеледі. Жоғарыда көрсетілген тергеулердің нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады, –  делінген хабарламада.

Биыл департаменттің атына серіктестікке қатысты такси қызметтеріне жоғары баға қою мәселесі бойынша 6 өтініш түскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама