Тұрғындар қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы шарт
Елордада Чехов көшесі жөндеу жұмысына жабылды, деп хабарлайды Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Биыл 19-21 қыркүйек аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Чехов және 191 көшелерінен Жолымбет көшесіне дейінгі бөлік толық жабылып, көлік қозғалысы шектеледі, - деп жазылған басқарма таратқан хабарламада.
Көлік кептелісі болмас үшін астаналықтар мен қала қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы керек.