ШҚО-да жарты миллион теңге бопсалаған қылмыскер ұсталды
Қазір күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды
ШҚО тұрғыны жарты млн теңге бопсалағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Өңір полицейлерінің мәліметінше, бопсалаумен айналысқан азаматтың заңсыз әрекетінің жолын кесу мақсатында кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген.
Аталған фактіні ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Глубокое ПБ криминалдық полициясы бөлімшесімен бірлесіп анықтаған.
20 жастағы жәбірленушінің айтуынша, Березовка ауылының тұрғыны өз күшінің басымдылығын пайдаланып, одан 500 мың теңге талап еткен.
Полиция қызметкерлері ШҚО ПД арнайы жасақ қызметкерлерін тарта отырып жүргізілген операция барысында жарты миллион теңге аударылғаннан кейін күдіктіні ұстаған, ол тәртіп сақшыларын көргеннен кейін жасырынып, жол бойында заттай дәлелдемелерден құтыла бастаған.
Қаскөй өз кінәсін мойындап, одан заңсыз әрекеттерін растайтын ақша қаражаты тәркіленген.
Қазір күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Оның әрекеті 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейтін ҚР ҚК-нің 194-бабы 1-бөлігі (Бопсалау) бойынша сараланады, – деп атап өтті ШҚО ПД бастығының орынбасары Алмаз Төкенов.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанайда компания басшылығынан 100 млн теңге бопсалаған күдіктінің сотталғаны туралы хабарладық