Қызметкерлердің көбісі пара алу кезінде ұсталған
Биыл қаңтар мен тамыз айлары аралығында министрліктерде жемқорлық қылмысын жасаған 111 қызметкер ұсталған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 20,7%-ға артық, деп хабарлайды Ranking.kz.
Мұндай қылмыстар көбінесе Қаржы министрлігінде тіркелген: 33 адам. Өткен жылғы көрсеткіш – 31 адам, жылдық өсім – 6,5%. Кейін тізімде Қорғаныс (22 адам, жылдық өсім – 83,3%), Ауыл шаруашылығы (16 адам, жылдық өсім – 23,1%) және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері (16 адам, ведомствода жемқорлық дерегі 5,3 есе өскен).
Жемқорлық дерегі бойынша 102 қызметкер ауыр қылмыс, 4 адам орташа ауырлықтағы қылмыс және тағы 4 адам ауыр емес қылмыс, 1 адам аса ауыр қылмыс жасаған.
Министрліктегі құқықбұзушылардың 69,4%-ы пара алу кезінде ұсталды: 77 адам. Өткен жылмен салыстырғанда 63,8%-ға көп. Тағы 14 адам сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған, 7 адам қызмет бабын асыра пайдаланды, 6 адам пара берді, 5 адам сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе жымқыру фактісі бойынша ұсталды.
Жемқорлық қылмысын жасаған министрлік қызметкерлерінің басым бөлігі Алматы қаласында: 23 адам. Былтырғы көрсеткіштен 3,3 есе көп. Кейін тізімде Шымкент (12 адам, жемқорлық дерегі 4 есе көбейген) және Алматы облысы (10 адам, жемқорлық фактісі 9,1% азайған) тұр.
Қылмыскерлердің ең аз саны Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында: әр өңірде 2 адамнан.
Жаңадан құрылған 3 облыста, сондай-ақ Қарағанды және Қостанай облыстарында министрлік қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілері тіркелмеген.