Halyq Uni логотип
×

«Үлкендерді сыйламаймын: автобуста орын бермеген жігіт оқиғаның мән-жайын түсіндірді

Видео авторы әлеуметтік эксперимент жүргізіп көрмек болған

 Халық үні 19.09.2022 | 23:52
«Үлкендерді сыйламаймын: автобуста орын бермеген жігіт оқиғаның мән-жайын түсіндірді
фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, жұртшылықтың ашу-ызасын туғызған оқиғаға қатысты видео авторы түсінік берді. 

Видеода қоғамдық көлік орындығында отырған жас жігіттің егде жастағы әйелге орын бергісі келмей, ашулана айғайлап жатқан сәті түскен.   

«Менің орын бергім келмейді. Сізді, үлкен кісілерді сыйламаймын. Болды ма? Бермеймін орын! Не істейсіз ал?!» - деп жас жігіт әйелге дүрсе қоя береді.     

Кадрдан жігіттің әйелге орын бермегенімен қоймай, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орынға отырып алғаны байқалады. Автобустағы өзге жолаушылар екеудің жанжалына үнсіз қарап қалған.

Белгілі болғандай, астаналық тұрғын видеоны TikTok-та әлеуметтік эксперимент үшін түсірген екен. Тіпті, сол видео үшін арнайы актриса жалдапты.

Автор видеоның толық нұсқасын өзінің TikTok парақшасында жариялады.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама