Қазақстан қалаларында экс-президенттің құрметіне аталған көшелер жетерлік
Әділет министрі Қанат Мусин қазақстандықтар қаласа, бұрынғы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген көшелердің атауын өзгерте алатанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бұл мәселе қазақстандықтар мен қала тұрғындарының өз еркінде. Себебі, көшені атауын өзгерту туралы шешімді жергілікті билік органдары қабылдайды, - деді Қанат Мусин Қанат Мусин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, 2019 жылғы 20 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев ел астанасына тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынған еді.
Сондай-ақ облыс орталықтарындағы негізгі көшелерді экс-президенттің құрметіне атау керектігін айтқан.
Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін облыс орталықтары негізгі көшелердің атауын бірінен соң бірі өзгере бастаған.