Қаңтар оқиғасы: министр рақымшылықтың қандай жағдайда жасалатынын түсіндірді
Аса ауыр қылмыс жасағандар амнистияға ілінбейді
Әділет министрі Қанат Мусин қаңтар оқиғасына қатысқандарға қандай жағдайда рақымшылық жасалатынын түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Ол заң жобасын қабылдау керектігін атап өтті.
Рақымшылыққа ілінгендердің тізімі жоқ. Себебі, Парламент қабылдауы керек заң әлі дайын емес. Құжатта рақымшылыққа кімдер ілігетіні, рақымшылық қандай қылмыстарға жасалатыны айқындалады. Бұл заң жобасы қабылданып, күшіне енген соң рақымшылыққа кімдер ілігетіні белгілі болады, – деді Қанат Мусин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жариялананытын мәлімдеген еді. Алайда мемлекетке сатқындық жасады және билікті күшпен басып алуға тырысты деп айыпталып отырғандар рақымшылыққа ілікпейді.