Halyq Uni логотип
×

СҚО әкімдігі жолға бөлінген қаражатты толық көлемде ала алмай отыр

Облысқа былтыр 6 миллиард теңге, биыл 7,5 миллиард теңге түспеген

 Самат Жақып 19.09.2022 | 15:59
СҚО әкімдігі жолға бөлінген қаражатты толық көлемде ала алмай отыр
Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысында жол құрылысына бөлінген қаржы толық көлемде түспеген. Бұл жағдай жыл сайын қайталанады. Мысалы, былтыр өңірге бұл жолды жөндеуге ел қазынасынан 19,3 миллиард теңге қаражат қарастырылған. Алайда оның 13,3 миллиард теңгесі облысқа жетті. Биыл бұл жұмыстарға 11,8 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бұл мәселе AMANAT партиясы жанындағы өңірлік даму жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды. Осылайша Солтүстік Қазақстан облысына былтыр 6 миллиард теңге, биыл 7,5 миллиард теңге қаржы түспегені айтылды. Нақты себебі белгісіз. Ал жағдай реттелмесе келер жылда өңір жолдарының сапасы мүлдем төмендеп кетуі мүмкін.

Толық көлемде қаржы бөлінбеуіне байланысты 2026 жылға қарай жолдардың нормативтік жай-күйінің үлесі 98%-ға дейін жетпей қалуы мүмкін. Бұл көрсеткішке жету үшін жыл сайынғы амортизацияны ескеріп, 650 шақырымнан астам жолды жөндеу қажет, - деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев.

Сонымен қатар өңірде жол битумы тапшылығы, құрылыс материалдарының қымбаттауы да кәсіпкерлерді алаңдатып отыр. Биыл жергілікті жолдарды қалпына келтіруге шамамен 28,5 мың тоннадан астам түрлі материал қажет болған. Қазір мұның 16 мың тоннасы ғана алынды.

Қыркүйекті есепке алғанда әлі 12,5 мың тонна битум қажет. Қазір сатылымда оның бір тоннасы – 240-280 мың теңге. Ал біздің жобаларда сметалық-құжаттарға сәйкес оның құны тоннасына 105-120 мың теңге деп көрсетілген», - деп атап өтті Сәтжан Аблалиев.

Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының желісі – 7 026 шақырым. Еліміз бойынша ең ұзын автомобиль жолдары осы өңірде орнаалсқан. Былтыр облыста барлығы 813 шақырым автожол жөнделді. Оның 621 шақырымы – облыстық және аудандық маңыздағы жолдар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама