×

Бейжің Олимпиадасында таудан құлаған спортшы ауруханаға түсті

Спортшылардың төменге құлдилау сәтіндегі жылдамдығы сағатына 120 шақырымнан асады екен

 Халық үні 15.02.2022 | 16:36
фото: vesti.kz

Тау шаңғысы өкілі Камилла Черутти қысқы ойындар жарысында ауыр жарақат алды. Оны ауруханаға алып кетті.

23 жастағы француз спортшысы жаттығу орындау кезінде қателік жіберіп, ауыр жарақат алды. Дәрігерлер Камилаға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ал жарыс бірнеше минутқа тоқтады. Аталмыш дистанцияда төменге құлдилау сәтіндегі спортшылар жылдамдығы сағатына 120 шақырымнан асады, - дейді vesti.kz.

Черутти 2021 жылы супергигантта Франция чемпионы атанған. Ал бұл жарыста швейцариялық Корин Зуттер алтыннан алқа тақса, италиялық София Годжа күміспен күптелді. Тағы бір Италиядан келген Надия Делаго қола медальді қанағат тұтты.

Әлемдік дода 4-20 ақпан аралығында өтеді. Қазақстан командасы спорттың сегіз түрінен бақ сынайды. Төртжылдықтың басты бәсекесінде 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама