Ол қызметін асыра пайдаланып, пайда тапты деген күдікке ілінді
Шығыс Қазақстан облысында көліктік бақылау инспекциясының басшысы қамауға алынды деп хабарлады Антикор.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, шенеунік қызметін пайдаланып, 2021-2022 жылдары аралығында қызмет мүддесіне қайшы әрекет еткен.
Күдікті пайда табу үшін кенді тасымалдаумен айналысатын компанияны әкімшілік жауапкершіліктен алып тастаған. ЖШС рұқсат етілген нормадан кенді артық тасымалдаған. Салдарынан бюджетке 65,5 млн теңге түспеген, - деп жазылған хабарламада.
Биыл 17 қыркүйекте Өскемен қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Бүгінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.