Павлодар облысында көлік апатынан 2 бала қаза тапты
Минивенде 11 жолаушы (6 бала мен 5 ересек адам) болған
Павлодар облысында көлік апатынан 2 бала көз жұмып, 6 адам жарақат алды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оқыс оқиға бүгін түнгі сағат 00.20 шамасында болған. Достық және Төртқұдық ауылдары арасындағы «Қызылорда-Павлодар» автожолының 59-шақырымында 31 жастағы Toyota Noah көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың шетіне шығып кеткен. Минивенде 11 жолаушы (6 бала мен 5 ересек адам) болған.
Олар бір-біріне туыс болып келеді. Оқиға орнында 2016 жылы және 2008 жылы туған екі бала көз жұмды. 6 адам, оның ішінде 3 бала ауруханаға жатқызылды. Бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, - деді Жасқайрат Қайыров.