×

Кадрлық резерв бойынша іріктелген қанша маман білім саласында жүр - министр жауабы

Аймағамбетов резервистермен жүздесті

 Халық үні 15.02.2022 | 14:00
фото: ашық дереккөз

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілдерімен кездесті.

Осыған дейін резервшілер тізімі бекітілген бетте қатысушылармен танысып, оларды білім және ғылым саласында жұмыс істеуге шақырғанбыз. Бүгінде Білім және ғылым министрлігінде 7 резервист жұмыс істейді. Сондай-ақ 18-і БҒМ ведомстволық бағынышты ұйымдарында Директорлар кеңесінің құрамына кіреді, – деп жазды Аймағамбетов әлеуметтік желіде.

Министр мәліметінше, кездесуде Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Солардың бірі - білім және ғылым салаларын цифрландыру, мектептерде бірлесе кәсіптік диагностика мен тексерулерді қамтитын кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу.

«Сонымен қатар резервшілер корпоративтік хатшыларды оқыту мәселесін көтерді. Нәтижесінде корпоративтік хатшылар мен Директорлар кеңесінің мүшелерін оқыту курсын бастаймыз деп келістік», – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама