Оппозиция белсендісі Жасарал Қуанышалин президенттікке түсетін болды

Еркеғали Болатұлы

Қазір ол өз кандидатурасын ұсынатын қоғамдық бірлестік іздеп жүр

фото: ашық дереккөз

Белгілі оппозиционер Жасарал Қуанышалин президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынбақ. Сол үшін өзін қолдайтын республикалық қоғамдық бірлестік іздей бастады.

Кезектен тыс президенттік сайлау өтетін күн келесі аптада белгілі болуына байланысты, мен президенттік сайлауға қатысу ниетімді мәлімдеймін. Өздеріңіз білетіндей, президенттікке кандидатты республика бойынша кемінде 9 филиалы бар республикалық қоғамдық бірлестіктер ғана ұсына алады. Осындай ұйымдардың басшылығына менің кандидатурамды ұсыну мәселесін талқылау үшін хабарласуды өтінемін, – дейді ол.

Айта кетсек, Жасарал Қуанышалин – журналист, оппозиционер. 2006 жылы Нұрсұлтан Назарбаевты сынап-мінегені үшін «Қазақстан президентінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді» деген айыппен 2 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Кейін рақымшылыққа ілікті.