Halyq Uni логотип
×

Алматы әкімдігін басып алуға қатысқан екі шетелдік азамат анықталды – Бас прокуратура

Қылмыскерлердің жеке басы анықталып, 1 ақпанда олар қамауға алынған

 Қымбат Елтайқызы 15.02.2022 | 12:33
Алматы әкімдігін басып алуға қатысқан екі шетелдік азамат анықталды – Бас прокуратура
коллаж: Halyq Uni

Бас прокуратура Қаңтар оқиғасына қатысты тергеп-тексеруге қатысты жаңа деректерді жариялады. Ведомствоның хабарлауынша, жекелеген эпизодтар бойынша қылмыстарға қатысы бар күдіктілер анықталып, ұсталды.

«Қаңтардың 4-нен 5-не қараған түні Алматыда қала әкімдігінің ғимаратын басып алу кезіндегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан екі шетелдік азамат анықталған. Олар ғимаратты қорғап жүрген Мамандандырылған күзет қызметінің қарусыз қызметкерлеріне қарсы қатыгездікпен күш қолданған. Олар полицейлерге де дене жарақатын салған», - делінген хабарламада.

Видеоматериалдарды сәйкестендіру нәтижесінде қылмыскерлердің жеке басы анықталып, 1 ақпанда олар сот санкциясымен қамауға алынған. Олардың қылмыстық әрекеттері Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі (жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу), 380-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары (билік өкіліне күш қолдану) бойынша сараланды.

2022 жылғы 6 қаңтарда қылмыскерлер телеэфир ұйымдастыру мақсатында «Көктөбе» телемұнарасын басып алуды жоспарлап, ол үшін бейбіт тұрғындарды бірлесіп қылмыс жасауға көндіре бастаған және қылмыскерлер олардың өміріне қауіп төндірген.

«1992 жылы туған азамат бас тартқан соң қылмыскерлер оған мылтықпен екі рет оқ атқан, нәтижесінде жәбірленуші қолынан және жыныс мүшелері тұсынан жарақат алған. Аталған қылмыстың ұйымдастырушысы ұсталды, ол бұрын сотталған 1983 жылы туған Алматы қаласы маңының тұрғыны болып шықты. Оның қылмысқа қатыстылығы куәгерлердің түсініктемелерімен дәлелденеді. Ол 25 қаңтарда соттың санкциясымен қамауға алынды», - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама