Ойынның енді қашан өткізілетіні белгісіз
Спортшылардың жаппай ұшынуына байланысты Алматыда жоспарланған хоккей матчтары өткізілмейтін болды. Бұл туралы елордалық «Номад» командасының баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, осы топтың 2 қақпашысымен қоса 17 ойыншысы астан ұшынған. Сол себепті, олар Алматыдағы кезекті кездесуге бара алмаған. Ал ойынның енді қашан өткізілетіні белгісіз.
Еске сала кетсек, «Номад» – «Барыс» континенталды хоккей клубының резервтегі командасы болып есептеледі.