«Номад» командасының хоккейшілері жаппай астан ұшынып қалды
Ойынның енді қашан өткізілетіні белгісіз
Спортшылардың жаппай ұшынуына байланысты Алматыда жоспарланған хоккей матчтары өткізілмейтін болды. Бұл туралы елордалық «Номад» командасының баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, осы топтың 2 қақпашысымен қоса 17 ойыншысы астан ұшынған. Сол себепті, олар Алматыдағы кезекті кездесуге бара алмаған. Ал ойынның енді қашан өткізілетіні белгісіз.
Еске сала кетсек, «Номад» – «Барыс» континенталды хоккей клубының резервтегі командасы болып есептеледі.