Орыс қызы Үкіметке өзінің қазақ тілін 4 айда үйрететін методикасын ұсынбақ
Қазақ тілін мектепте қажет болған соң ғана үйрендім, өзге елге көшемін дейтін «космополит» жастарды түсінбеймін дейді ол
«...Сұрауы бар» Youtube арнасындағы Qazaq bol бағдарламасына сұхбат берген орыс қызы Юлия Лагуткина ниет пен қажеттілік болса, қазақ тілін қысқа мерзімде үйренуге болатынын айтты.
Қазір Юлия Лагуткина ЕҰУ-дің 2-курс магистранты. Сондай-ақ өзі де тілдер орталығын ашқан. Соның ішінде қазақ тілін 4 айдың ішінде үйреніп шығуға мүмкіндік беретін оқу-әдістемесін жасапты. Енді Үкіметке соның методикасын ұсынуға ниетті.
Тілді үйрену жолына түскен адамға сын айтпай, көмек көрсетіп, ынталандыру қажет. Ал егде жастағы адамдарға қазақ тілін үйренуде түсіністікпен қарау керек. «Қазақ тілін мектепте қажет болған соң ғана үйрендім, өзге елге көшемін» дейтін «космополит» жастарды түсінбеймін, - деді Юлия Лагуткина.
Айтуынша, оның жеке методикасымен мемлекеттік тілді аз уақыттың ішінде меңгеріп шыққан шәкірттері де көп екен.