×

2025 жылға қарай зейнетақы 27 пайызға көбейеді

109 мыңнан 138 мың теңгеге дейін көбейту жоспарланып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 16.09.2022 | 13:22
Фото: gov.kz

Елімізде 2025 жылға қарай зейнетақының жалпы көлемін орта есеппен 27 пайызға , яғни 109 мыңнан 138 мың теңгеге дейін көбейту жоспарланып отыр.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ризвангүл Дараева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, елімізде 2023 жылдың қаңтарынан 2027 жылға дейін базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54-тен 70 пайызына дейін арттыру жоспарланып отыр. Ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызынан 120 пайызға дейін көбейеді. Осы кезеңде базалық зейнетақы төлемінің орташа мөлшері орта есеппен 51 пайызға артады.

Осы ұсынылған шаралар 2025 жылға қарай зейнетақының жалпы көлемін орта есеппен 27 пайызға, яғни 109 мыңнан 138 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді, –  деді ол.

Қазір елімізде 2 млн астам зейнеткер бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама