×

Түркістан облысындағы мектептердің бірінде жылу қазандығы жарылып, бір адам көз жұмды

Мектеп оқушылары мен мұғалімдері зардап шекпеген

 Қымбат Елтайқызы 15.02.2022 | 11:20
фото: Сайрам ауданы әкімдігі

Бүгін таңертең Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Ошақты ауылындағы Құрманғазы атындағы шағын жинақты орта мектебінде көмірмен жылытылатын жылу қазандығы жарылып, оқиға орнында от жағушы қайтыс болды.

Қайтыс болған азамат – 59 жастағы Мұратбек Құлыншақов есімді Ошақты ауылының тұрғыны.

Сайрам ауданының полиция және төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалары оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

Мектеп оқушылары мен мұғалімдері зардап шеккен жоқ. Құрманғазы атындағы мектеп 2014 жылы қаңтар айында пайдалануға берілген. Жылыту қазандығы көмірмен істейді. Мектептің сыйымдылығы 150 оқушыға арналған. Қазіргі таңда 156 оқушы орта білім алуда, - делінген Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жылу қазандығының істен шығуына байланысты, мектеп директоры М.Абилованың бұйрығына сәйкес оқушылар қазандық қалпына келтіргенге дейін қашықтықтан оқытуға жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қазақстан алдағы онжылдықта ауызсу тапшылығы қаупі өте жоғары елдер тобына кіреді

Қазір 2 миллиард адам таза суға жете алмай отыр
26.03.2023 | 14:20

Оралдық оқушы кішігірім құраммен мульттоптама түсіріп шықты

Алғашқы серияны түсіруге 6 ай уақыт кеткен
26.03.2023 | 13:55

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23