Оған 10 адам алданып қалған
Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция басқармасы әскери қызметшілердің атын жамылып, алаяқтық қылмыс жасап жүрген адам туралы хабарлады.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, алаяқ өзінің қызмет бабымен басқа қалаға ауысқалы жатқанын айтып, түрлі тұрмыстық техника мен заттарын сататыны туралы жарнама беріп жүрген. Оған сатып алушылар хабарласқанда сатылатын заттардың ақшасын толық аудартып отырған. Күдік тудырмау үшін ол заттарды сатып алушыға өзінің әскери киімімен түскен суреті мен құжаттарын жіберген.
Алматыда алаяққа 10 адам алданып қалған, – деді Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.
Осы ретте, полиция Александр Викторович Волохов есімді әскери формадағы адамға алданып қалған адамдар болса, хабарласуын сұрайды.