×

Солтүстік Қазақстанда 300-ден астам ауыл таратылудың алдында тұр

Жүзден астам елдімекенде тұрғындар саны 50-ге де жетпейді

 Дастан Жұмабекұлы 15.09.2022 | 16:01
Фото: informburo.kz

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы үш жылда 14 ауыл таратылды. Ауыл тұрғындары жаппай жан-жаққа көшіп кеткен соң, үйлері қаңырап бос қалған. Енді облыс бойынша 300-ден астам ауылдың «болашағы» жоқ екені айтылып жатыр.

Бұл туралы «Информбюро 31» хабарлады.

Облыстан халықтың басқа жерлерге көшуінің себебі, жұмыссыздық пен мектеп, дәріхана сияқты әлеуметтік нысандардың жоқтығынан болып отыр. Мұндай шағын ауылдарды дамыту жергілікті бюджет үшін тиімсіз деп саналады. Мысалы, Коваль ауылының тұрғындары таза ауыз судың боламуынан, мектептің жабылып қалғанынан, мал ұстаудың қиындығынан басқа өңірлерге көшгісі келеді.  

Қазір бұл ауылда үй саны онға да жетпейді. Дүкен, дәріхана мүлде жоқ. Тұрғындар азық-түлік пен керек-жарақ алу үшін 35 шақырым қашықтықтағы аудан орталығына қатынауға мәжбүр, –  делінген хабарда.

Коваль ауылы Ресей шекарасынан 2 шақырым жерде орналасқан. Сондықтан тұрғындардың көбі шекара асып кеткен.

Мамлют ауданында Коваль секілді тағы он ауыл бар. Жергілікті билік өкілдері оларды болашағы жоқ елді мекендерінің қатарына қосқан. Яғни, тараудың аз-ақ алдында тұрған мұндай ауылдарды дамытуға бюджеттен қаражат бөлінбейді, –  делінген одан әрі хабарда.

Аудан әкімінің кеңесшісі Серік Бакеевтің айтуынша, заң бойынша халық саны елуден аз болса, ауыл округ орталығына қосылады. Яғни, оның аты болмайды, бірақ тұрғындардың ол ауылда тұруына шектеу қойылмайды. Тіпті, ауылда 1-2 отбасы қалса да, жарығы қиылмайды, жолы тазаланады. Нан да, су да жеткізіледі.

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 600-ден астам елдімекеннің тең жартысы ғана болашағы бар деп танылған. Тіпті, 100-ден астам ауылда халық саны 50 адамға да жетпейді екен. Ал тұрғын саны он адамға толмайтын 30 ауыл Қазақстан картасынан жойылудың алдында тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама