Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында оншақты оқушы мектеп асханасында уланып қалды

Оқушылардың төртеуі облыстық балалар ауруханасына жатқызылған

 Халық үні 15.09.2022 | 09:29
Павлодар облысында оншақты оқушы мектеп асханасында уланып қалды
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Шарбақты ауданындағы №2 жалпы орта мектебі оқушыларының тамақтан уланғаны туралы алғашқы хабарлама 9 қыркүйекте таңғы тоғызда түскен. Оқушылардың төртеуі күндізгі сағат үште медициналық көмекке жүгінген. Олардың барлығы - жалпы білім беру мектебінің оқушылары.

Оқушылар Балалар құсу, іштің ауыруы, диарея мен дене температурасының 39 градусқа дейін көтерілуіне байланысты шағымданған.

Шарбақты аудандық ауруханасының бас дәрігері Алмаз Мекишевтің айтуынша, бес адамға қабылдау бөлімінде көмек көрсетіліп, амбулаторлық емделуге жіберілген. Төрт бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.

Санэпидемиологтардың болжамынша, оқушылар мектеп асханасында улануы мүмкін, өйткені олардың бәрі сол жерде тамақтанған. Дегенмен мұндай болжам әлі расталған жоқ.

Эпидемиологиялық тексеру барысында 7 және 8 қыркүйекте балалар рожки, котлеттер, қарақұмық, қызылша жеп, алма шырыны мен компот ішкені анықталды. Үйінде байланыста болған адамдардың барлығы аман, - деді облыстық санэпидбақылау басқармасындағылар.

Мамандар №2 ЖББМ асханасында жоспардан тыс тексеру жұмыстарын бастады, оның ішінде қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік қызметкерлерді тексереді.  Ауыз су мен өнімдерге талдау жасалады. Зерттеу нәтижесі әлі дайын емес. Бірақ №2 ЖОМ-да аспаздың жұмысқа рұқсатының болмауы, тәуліктік сынамаларды сақтау шарттарының бұзылуы сияқты бірнеше бұзушылық тіркелді.

Сонымен қатар, ауруханаға жатқызылған балаларда ShigellaSonne тектес бактериялар анықталды. Олар тамақтан улануы мүмкін екенін көрсетеді.

Аталмыш мектепте 9 баладан өзге тамақтан уланғандар тіркелген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама