Halyq Uni логотип
×

Путин II Елизавета патшайымды жерлеу рәсіміне шақырылмады

Қоштасу шарасына Беларусь пен Мьянманың басшылары да қатыспайды

 Дастан Жұмабекұлы 14.09.2022 | 16:50
Путин II Елизавета патшайымды жерлеу рәсіміне шақырылмады
фото: ашық дереккөз

Ұлыбритания II Елизавета патшайымның жерлеу рәсіміне Ресей, Беларусь және Мьянма елдерінің басшылары шақырылмады.

Dailymail.co.uk-тің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин мен РФ-ның Үкімет мүшелері Ұлыбританияның патшайымы II Елизаветамен қоштасу рәсіміне қатыспайды.  

Путиннің өзі II Елизаветаның жерлеу рәсіміне қатысуды жоспарламаған. Ол патшайым қайтыс болғанда Ұлыбританияның жаңа королі III Чарльзге көңіл айту жеделхатын жолдап, таққа отыруымен құттықтаған.

Сонымен бірге патшайымның жерлеу рәсіміне Беларусь пен Мьянма өкілдері шақырылмаған. Бұл елдер де Ұлыбританияның санкцияларына ұшыраған.

Патшайымды жерлеу рәсіміне ресми түрде әлемнің көптеген елінен жалпы саны 500-ден аса адам шақырылып отыр. Қоштасу рәсімі 19 қыркүйекте болады. Оған АҚШ президенті Джо Байден, Еуропалық Одақтың ұжымдық органдарының басшылығы мен қарт құрлықтың басшылары келеді делінуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама