×

Биыл елімізде кедейшілік шегінде өмір сүріп жатқан отбасылар көбейген

5 және одан да көп адамнан тұратын отбасындағы кедейлік деңгейі 9,3 пайызды құрап отыр

 Еркеғали Болатұлы 14.09.2022 | 16:17
фото: ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда кедейшілік шегінде өмір сүретін адамдардың саны артқан.

Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2022 жылғы II тоқсанда 5,1 пайызды құрады. Бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, 0,3 пайыздық тармаққа жоғары, - делінген бүгінгі ақпаратта.

Кедейлік деңгейі көбінесе үлкен отбасыларда тіркелген. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы II тоқсанының қорытындысы бойынша 9,3 пайызды құрап отыр. Бұл – жалпы кедейлік деңгейінен 2 есе артық көрсеткіш.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама