Тексеріс нәтижесі алдағы уақытта хабарланады
Ақтаудағы элиталы үйлердің автотұрағында аудан әкіміне ұқсайтын азаматтың күзетшіні ұрып жатқан видеосы тарады. Желі қолданушылары оны Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетов деп отыр.
Видеодан байқағанымыздай, қаланың 17-шағынауданындағы «Green Park» тұрғын үй кешенінің күзетшісімен салғыласып жүрген азамат артынша оны жақтан ұрған. Алайда Маңғыстау облысының әкімдігі видеодағы азаматтың нақты кім екенін айта алмай отыр. Енді бұл кикілжіңге Тілек Көшмағанбетовтің қатысының бар-жоғын анықтау үшін қызметтік тексеріс жүргізбек.
«Аталған бейненің сапасы нашар, анық көрінбеуіне байланысты қызметтік тексеріс басталды. болады», - дейді Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалия Кенжебаева.