Оқиға орнында қан іздері бар
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде оқыс оқиға болды.
Елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан жиынға келген қатысушылардың бірі кіреберісте есінен танып қалды. Медицина қызметкерлері ер адамға тиісті көмек көрсету үшін алып кетті. Әзірге оның жеке басы мен қазіргі жағдайы туралы мәлімет жоқ.
Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтіп жатыр. Биыл съезге әлемнің 51 елінен 100-ден аса делегация қатысып жатыр. Атап айтқанда Рим папасы Франциск, әл-Азхардың жоғарғы имамы шейх Ахмад ат-Тайеб, Израильдің бас ашкенази раввині Давид Лау, Израильдің бас сефард раввині Ицхак Иосиыф, Иерусалим православие шіркеуінің патриархы Феофил III және басқа да көрнекті діни жетекшілер бар.