×

Астана атауы қайтарылған жағдайда қосымша ақша талап етілмейді

Қаржы ғимараттардағы маңдайшалар мен бланк өнімдерін ауыстыруға ғана қажет болады

 Дастан Жұмабекұлы 13.09.2022 | 18:19
фото: ашық дереккөз

Парламент Қазақстан астанасына бұрынғы атауын қайтару туралы шешім қабылдаса, қосымша ақша талап етілмейді.

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, Парламент елорданың бұрынғы атауын мемлекеттік органдарға қайтару туралы шешім қабылдаса, қаржы негізінен ғимараттардағы маңдайшаларды ауыстыруға және бланк өнімдерін ауыстыруға ғана қажет болады.

Бұл шаруаны қосымша ақша бөлмей-ақ іске асыруға болады. Басқаша айтқанда, қосымша қаражат қажет етілмейді, – делінген министрліктің хабарламасында.

Бүгін президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бір топ Парламент Мәжілісі депутаттарының елорадның атауын бұрынғы атауына, яғни Астанаға ауыстыру туралы ұсынысының мемлекет басшысына жеткенін хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама