Оның қатарына барлық ниет білдіргендер қосыла алады
Бүгін «Тоқаевтың реформаларын қолдау» қозғалысы құрылды. Осыған байланысты Алматыда қозғалыстың мүшелері өздерін таныстырып, алғаш рет баспасөз мәслихатын өткізді.
Қоғамдық қозғалыс құру туралы бастаманы зиялы қауым, ақын-жазушылар, мәдениет және спорт қайраткерлері көтерген.
Қазақстан жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезектің айтуынша, «Тоқаевтың реформаларын қолдау қозғалысы» бірлестігін құрудың басты мақсаты – президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын халыққа жеткізіп, оны ауызбіршілікпен бірігіп іске асыру.
Қазір елімізде жаңа саяси дәуір басталды. Бұл өзгерістерді халық көптен бері күтті. Елімізде саяси ауқымды реформалар іске асырып жатыр. Ол реформалар мақсатты түрде іске асады. Президент халыққа сүйене отырып, ауқымды өзгерістерге бастама жасады, – деді ол.
Кездесуде бастамашы топ қозғалыстың қатарына барлық ниет білдіргендер қосыла алатынын айтты.