×

Түркістанда алаяқ жергілікті тұрғынның атынан үш несие алған

Ол жәбірленушіні 3 млн теңгеге алдаған

 Дастан Жұмабекұлы 13.09.2022 | 16:34
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында ер адам жүргізуші куәлігін жасап беремін деп жергілікті тұрғынның атынан үш бірдей несие алған.

Түлкібас аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағым түсіріп хабарласқан.

Оның айтуынша, ол осы жылдың тамыз айында бейтаныс ер адаммен танысқан. Содан әңгімеден әңгіме шығып, бейтаныс адам оған жүргізуші куәлігін тез арада істеп бере алатынын айтып, сендірген.

Осыдан кейін жәбірленуші бейтаныс ер адамға жеке куәлігінің көшірмесі мен 250 мың теңге ақша берген.

Алайда 1 апта ішінде бітеді деген жалған уәде 2 айға созылған. Сөйтіп, жәбірленуші не ақшасын, не куәлікті ала алмағаннан кейін полицейлерден көмек сұраған.

Осы оқиға Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Соның нәтижесінде алаяқтыққа қатысы бар бұрын сотты болған жергілікті тұрғын анықталды.

Күдікті ер адам жәбірленуші азаматтың сеніміне кіріп, аз уақыт ішінде жүргізуші куәлігін жасап беретінін айтып, оның атынан 3 млн теңге болатын үш бірдей несие алған.

Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу болып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама