«Астана» футбол клубы легионерінің жалақысы белгілі болды
Ол келесі маусымда да команданың құрамында қалуға қарсы емес
Хорватиялық Марин Томасов елорданың «Астана» футбол клубында 30 млн теңгеге жуық жалақы алады.
Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Клубтың 35 жастағы Томасовпен келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады.
«Марин Томасов астана командасында алдағы маусымда да ойнауға қарсы емес. Ал «Астана» өкілдері Томасовпен келісімшартты дәл осы талаптармен жалғастыра берудің мәні жоқ екенін айтып, жалақына азайту мүмкіндіктерін қарастырып жатыр», – делінген хабарламада.