Көкшетауда «қызғаншақ» әйел өзінен 10 жас кіші сүйіктісін пышақтап тастады

Еркеғали Болатұлы

Қылмыс жасаған кезде ол орташа дәрежеде мас болған

фото: ашық дереккөз

Көкшетауда 48 жастағы әйел азаматтық некедегі күйеуін пышақтады деп хабарлады Polisia.kz.

Оқиға туралы құқық қорғау органдарына алғашқы көмек көрсеткен жедел жәрдем станциясының қызметкерлері хабарлаған.

Тергеуде 38 жастағы ер азаматқа сүйіктісінің қызғаныштан пышақ жарақатын салғаны анықталды. Сондай-ақ қылмыс жасаған кезде әйел орташа дәрежеде мас болған.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазір ер адам ауруханада жатыр. Ал «қызғаншақ» әйел қамауға алынды.