Halyq Uni логотип
×

Астана атауын қайтару ұсынысы Конституциялық заң жобасына енгізілді

Тоқаев депутаттардың бастамасынан хабардар

 Халық үні 13.09.2022 | 15:14
Астана атауын қайтару ұсынысы Конституциялық заң жобасына енгізілді
фото © Алиакпар Қадырбаев

Жуырда Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдірді. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар екен. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Руслан Желдібайдың хабарлауынша, депутаттар, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенген.

Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді.

Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуға тиіс, - деп жазды Руслан Желдібай.

Айта кетейік, бұған дейін Парламент мәжілісіндегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшесі Еділ Жаңбыршин елорданың бұрынғы атын қайтаруды ұсынды

«Конституциямызға өзгеріс енгізетін болсақ, онда осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Ата Заңға тағы бір аса маңызды мәселені енгізу керек. Ол – елорданың атын қайта қайтару. Адамның көзі тірісінде қалаға оның есімін берген дұрыс деп есептемейміз және қаланың жаңа атауын халық та қабылдамады. Сондықтан тұңғыш президенттің өзі ұсынған Астана атауын қайта қалпына келтіру – тарихи әділдік болар еді», - деді Жаңбыршин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама