Halyq Uni логотип
×

Келер жылы грант ақшасы студенттің шотына тікелей аударылады

Бұл жұмыс «цифрлық әлеуметтік әмиян» жобасы аясында іске асырылады

 Дәурен Ерболат 13.09.2022 | 14:06
Келер жылы грант ақшасы студенттің шотына тікелей аударылады
коллаж: Halyq Uni

2023 жылдан бастап грантқа ие болған студенттің оқу ақысы мен шәкіртақысы арнайы шотқа тікелей аударылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Министрдің айтуынша, аталған жоба бірнеше жылдан бері талқыланып келе жатыр.

Бүгінгі Үкімет отырысында тиісті ақпарат берілді. Келесі жылдан бастап, отбасылық әмиян енгізіледі. Енді әр студент грант ақшасы мен стипендиясын сол цифрлық әмиян арқылы алады. Енді біз жоғары оқу орындарына ақшаны бөлмейміз. Студенттер өз ақшасымен университетке барады, - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Саясат Нұрбек цифрлық әмиян жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау әрі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері бірлесіп жүзеге асырып жатқанын атап өтті.

«Әр отбасының өзінің арнайы шоты болады. Оны эскроу шот деп атаймыз. Оған түскен ақша тек денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет немесе білім беру қызметтеріне жұмсалады. Біз электронды әмиянның іске қосылғанын күтіп отырмыз. Қазір министрліктің заңнамалық базасын өзгертіп жатырмыз. Жоба іске қосылса, жоғары оқу орындарына ақшаны тікелей аудармаймыз. Студент оқу ақысымен бірге университетке барады әрі стипендиясын аталған шотынан алып тұрады», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама