Halyq Uni логотип
×

Мусиннен лайфхак: министр алаяқтармен қалай сөйлесетінін айтты

Цифрлық даму министрі өзіне алаяқтар хабарласатынын жасырған жоқ

 Дәурен Ерболат 13.09.2022 | 13:31
Мусиннен лайфхак: министр алаяқтармен қалай сөйлесетінін айтты
фото: primeminister.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин телефон алаяқтарымен қалай сөйлесетінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Олар маған хабарласты. Менің жауабым белгілі. Маған қоңырау шалса, тек қазақша жауап беремін. Олар телефон тұтқасын қоя салады, - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан ұлттық банкі телефон алаяқтардың көбейгенін хабарлады. Олардың басты белгісі – қандай да бір алаяқтық әрекет бойынша істің мән-жайын анықтамақ болып, өзін банк қызметкері ретінде таныстыру арқылы қазақстандықтардың дербес деректерін алуға тырысады.

«Алаяқтар телефон арқылы түрлі сылтау келтіріп, азаматтарды дербес мобильді құрылғысына екінші деңгейлі банктің мобильді қосымшасын немесе қашықтан басқаруға арналған сервисті орнатуға үгіттейді. Содан кейін қаскөйлер смартфонды қашықтан толық басқаруға мүмкіндік алып, шот ашады, несие рәсімдейді және ақшалай ұрлайды. Атап өтетін жайт, алаяқ телефон шалғанда әңгіме арасында дербес әрі жабық деректерді (шотта сақтаулы соманы, СМС пен CVV кодтарды) беруді талап етеді», – делінген ҚҰБ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама