Министр мұндай талапты орындамайтын университеттерге лицензия берілмейтінін айтты
Биыл барлық жоғары оқу орындары студенттерді жатақхана орнымен қамтамасыз етуге міндеттеледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.
Ол университтерге қойылатын талап күшейетінін атап өтті.
«Енді меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындары жаңа мамандық ашқанда немесе лицензия алғанда талап қойылады. Мысалы, 100 адамға лицензия өтінімін бере ме, онда сол 100 адамға жатақанхана орынын қамтамасыз етуге міндетті. Биылдан бастап заңнамалық түрде сондай шарттар енгізілді, шектеу қойылды», - деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан соң.
Министр 2026 жылға дейін елдегі студенттердің басым бөлігін жатақханамен қамтамасыз етілетінін жеткізді.
«Жатақхана орнының жетіспеушілігі – күрделі мәселе. Мемлекет оны өз есебінен толық шеше алмайды. Сондықтан Білім министрлігінің жанындағы қаржы орталығымен бірлесіп, жеке инвесторлармен, құрылыс компанияларымен, мердігерлермен тікелей жұмыс істеп жатырмыз. Оларға арнайы 6 жылға шарттар береміз, яғни қаржы моделін ұсынамыз. Сол қаржы моделімен 2026 жылға дейін стундеттердің 60-70% жатақханамен қамтамасыз етеміз», - деді ведомство басшысы.
Саясат Нұрбек жатақхана тапшылығы Алматыда күрделі екенін айтты.
Өңірлерде 14 мың төсек-орын бос тұр. Алматыда 19-20 мың төсек-орын жетіспейді. Себебі, қалада 35 жоғары оқу орны бар. Студенттердің 70%-ы басқа өңірлерден келген, - деді министр.