×

Талғарда оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсамақ болды (ВИДЕО)

Полицейлер қызды көпірден көрген

 Динара Амантай 12.09.2022 | 16:47
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысында полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған дерек Талғар қаласында тіркелді. Екі патрульдік полицей көпірден секіруге тырысқан кәмелетке толмаған қыз баланы құтқарып қалды. Полицейлер қызды көпірден көрген және оның өзін-өзі өлтіруге ниеттенгенін байқаған.

Патрульдік қызметтің аға лейтенанттары Ілияс Шахизаданов пен Жасұлан Мықтыбаев, сондай-ақ УҰИ инспекторы, сержант Ербол Бесбаев жедел әрекет етті. Олар қайғылы оқиғаның алдын алып, мектеп оқушысын көпірден түсіріп алды. Осылайша, суицидті болдырмады, - деді Алматы облыстық ПД-ның бастығы Бауыржан Аленов.

Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған баланы тыныштандырып, бірден үйіне апарып, ата-анасына тапсырды. Оқушы қыздың өз-өзіне қол салу себептері анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама