×

Көкшетауда көпбалалы әке есірткі сатумен айналысқан

Ол 6 жылға сотталды

 Дастан Жұмабекұлы 12.09.2022 | 16:41
фото: ашық дереккөз

Көкшетау қалалық соты ірі көлемде гашиш есірткі заттарын сатумен айналысқан 40 жастағы жергілікті азаматқа қатысты үкім шығарды. Есірткі сатушыға қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Көкшетау қаласының тұрғыны гашиштің есірткі екенін біле тұра, оны заңсыз сақтап, сатумен айналысқан. Ол салмағы 9,46 грамм гашиш есірткі затының екі қағаз түйіншегін сатқан. Оны көп уақыт өтпей Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 297-б.2-Б. (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша айып тағылып, сот оны 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Ол соттың есірткі қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Жазалау шарасын тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар, атап айтқанда, бес бірдей баланың әкесі екені ескерілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама