Алматыда адамның бет-бейнесін танитын камералар орнатылады

Дәурен Ерболат

Бұл жұмыс тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі

Фото: youtube.com

Алматыда адамның бет-бейнесін танитын камералар орнатылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Алматыны 2025-2030 жылдарға дейін дамыту» бағдарламасында әлеуметтік нысандарда 7 мыңға дейін бейнебақылау камераларын орнату қарастырылған.

Есепке алынған және жоғалған адамдарды жедел іздестіру үшін әуежайда, вокзалдарда және жұрт көп жиылатын орындарда 2026 жылдан бастап барлық бейнебақылау жүйесіне адамның бет-бейнесін танитын функция интеграцияланады.

2027 жылы террористік қаупі бар объектілер мен көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің аулаларына аталған бейнебақылау камералары орнатылады. Бейнесурет полиция департаментінің жедел басқару орталығына бірден жіберіледі. Бұл ықтимал қауіпті яғни түтінді, отты, жерде қалдырылған заттарды бірден анықтауға және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ 2025 жылға дейін жұрт көп жиылатын орындарда «SOS дабыл түймесі» орнатылады. Бұл кезекші полицеймен бірден байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

«Қоғамдық қауіпсіздік күшейту және көшелер ыңғайлы болу үшін 2030 жылға дейін оларды жаңартылады: жарық, бейнебақылау, жаяу жүргіншілер аймағы, дренаж, көгалдандыру және велосипед жолын салу», - деп жазылған хабарламада.