Биыл отбасын құрғандар саны азайған
Алматы қаласы, Алматы, Қарағанды облыстарында ажырасу көрсеткіші жоғары
2022 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанда 55,1 мың жұп некесін қиған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 15,2%-ға аз, деп хабарлайды Ranking.kz.
Қалада некеге тұрғындар саны бір жылда 5%-ға немесе 42,6 мыңға дейін, ауылда бірден 38,1%-ға немесе 12,5 мыңға дейін азайған.
Биыл бірінші жартыжылдықта 9 мың ажырасу тіркелді. Бұл – 2021 жылмен салыстырғанда 5%-ға төмен.
Қалада ажырасулар саны бір жылда 3,1%-ға немесе 7,1 мыңға дейін, ауылда 11,8%-ға немесе 1,9 мыңға дейін азайған.
Отбасын құрғандардың басым бөлігі Алматыда тіркелді – 7,1 мың неке, былтырмен салыстынғанда 14,7%-ға аз. Үздік үштікке халық тығыз орналасқан Түркістан (6 мың неке, бір жылда минус 16,9%) және Алматы (5,6 мың неке, бір жылда минус 17,1%) облыстары енді.
Некенің ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген (1,5 мың).
Тіркелген ажырасулар саны Алматы қаласы (1,2 мың), Алматы (1 мың) және Қарағанды (937) облыстарында көп. Ажырасудың ең аз саны Қызылорда облысында (небәрі 201).
Елімізде неке қию көрсеткіші 1 мың адамға шаққанда 6,89-дан 5,77-ге дейін төмендеді. Ең жоғары көрсеткіш Нұр-Сұлтанда: 1 мың адамға шаққанда 7,99. Үздік үштікке Алматы қаласы мен Атырау облысы да кірді.