×

Антикор Сәкен Қалқамановқа күдікті ретінде іс қозғалмағанын мәлімдеді

Түркістан әкімі болған Өмірзақ Шөкеев қарамағындағы қызметкердің жемқорлық ісі үшін отставкаға кеткен еді

 Ая Өміртай 12.09.2022 | 11:25
Сурет: ашық дереккөзден

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановқа қатысты қылмыстық іс қозғалып жатқан жоқ, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде облыс әкімінің орынбасарына қатысты сыбайлас жемқордық айыбымен тергеу жұмыстары жүріп жатуы мүмкін деген қауесет тараған болатын.

Алайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қалқамановтың күдікті ретінде іс қозғалмағанын жеткізді.

Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде күдікті ретінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановқа өтетін қылмыстық істер жоқ, - делінген ресми жауапта.

Ал «Түркістан облыстық әкімдігі өткізген мемлекеттік сатып алуларға қатысты қандай да бір тексерулер жүріп жатыр ма?» деген сауалымызға агенттік жауап бермеді.

Айта кетелік, жуырда қарамағындағы қызметкер сыбайлас жемқорлық айыбымен сотты болғаны үшін Шөкеев қызметінен босап, орнына орнына Дархан Сатыбалды тағайындалды.

13 шілдеде сот Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановты пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Halyq Uni осыған дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың 2016-2018 жылдар аралығында өзі жетекшілік еткен компаниялар тобының мемлекеттік сатып алуларға белсенді қатысқандығы туралы мақала жариялаған. Мақалада Түркістандық шенеуніктердің күмәнді бизнесі туралы баяндалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама