Halyq Uni логотип
×

ШҚО-да жылқыны қаққан көлік жүргізушісі көз жұмды

Қасындағы жолаушысы ауруханаға жатқызылды

 Динара Амантай 12.09.2022 | 11:10
ШҚО-да жылқыны қаққан көлік жүргізушісі көз жұмды
Фото: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында жылқыға соғылған көлік жүргізушісі мерт болды. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 11 қыркүйек сағат 02:44 шамасында Ұлан ауданы Айыртау ауылының маңында болған. Республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тасжолының 18-шақырымында келе жатқан «Lada Granta» автокөлігі жылқыға соғылды.

Соның салдарынан 42 жастағы жүргізуші сол жерде көз жұмды. Ал жарақат алған 68 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жатқызылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне (Көлік құралдарын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалғаны белгілі болды. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама