Елордада ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды
Олар «бұзақылық» бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынған
Елорда Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 қатысушысын ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, олардың «бұзақылық» бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынғаны және Петропавл қаласында іздеу жарияланғаны анықталды.
Күдіктілерді ұстау кезінде олар травматикалық патрондармен оқталған «WALTHER», «ОСА» маркалы тапаншалармен, сондай-ақ суық қарумен қаруланған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.