Halyq Uni логотип
×

AMANAT партиясы елордадағы алаңға 25 мың адамды жинады

Алдағы 20 жылдықта сіз бен біз жаңадан сайланған ең кемі 3 президентті көретін боламыз

 Еркеғали Болатұлы 11.09.2022 | 09:38
AMANAT партиясы елордадағы алаңға 25 мың адамды жинады
фото: ашық дереккөз

AMANAT партиясы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа реформасын қолдауға арналған «Береке – бірлікте!» атты ашық аспан астындағы концерт ұйымдастырды. Концерт елордадағы ЭКСПО аумағында өтіп, оны 25 мыңнан аса қала тұрғындары мен қонақтары тамашалаған.

Айта кетсек, қала тұрғындары мен қонақтарының алдында Мирас Жүгінісов, Назима, Ninety One, Айқын Төлепберген, Ернар Айдар, Дильназ Ахмадиева, Yenlik, 2 RAR, De Lacure, Ұлықпан Жолдасов, Алтынай Жорабаева, Бейбіт Қорған, Қанат және Светлана Айтбаевтар, Айдын Жұмабаев, Зарина Омарова, Естай Мұқашев, Майра Ілиясова, Хайролда Мұратбек, Арайлым Рахым сынды белгілі эстрада әншілері өнер көрсетті. Сондай-ақ мемлекеттік академиялық филармонияның әртістері де ән шырқады.

Сол сәтте Мәжіліс депутаттары осынша үлкен шараның ұйымдастырылуына негіз болған президент реформасының маңыздылығына тоқталып өтті.

Заңнамадағы құқықтық коллизияны жою үшін бұл өзгерісті, жаңашыл саяси реформаны биылдан бастаумыз қажет. Яғни, алдағы 20 жылдықта сіз бен біз жаңадан сайланған ең кемі 3 президентті көретін боламыз, – деді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Ал оның әріптесі Геннадий Шиповских мемлекет басшысының Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа толғанға дейін балалардың шотына аудару бастамасына қолдау білдірді.

«Біздің баяғыдан армандап келген дүниеміз іске асты. Енді араб елдеріндегідей, әр бала өмірге келген кезде арнайы шот ашылып, кәмелет жасқа толғанша ақша аударылады. Болашақта оны әрбір жас баспаналы болуы мен білім алуына қолдана алады. Бұл үшін Ұлттық қордың инвестициялық табысының тең жартысы жұмсалады. Мемлекет басшысының бұл бастамасы – әрбір отбасыға жасалған тікелей қамқорлық», – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама