Halyq Uni логотип
×

АҚШ билігі Қазақстанға мемлекеттік кәсіпорындардың қарызын бюджетте көрсетуді ұсынды

Мемлекеттік департамент халықаралық тәуелсіз стандарттарға сәйкестендіру қажет деп есептейді

 Динара Амантай 10.09.2022 | 17:43
АҚШ билігі Қазақстанға мемлекеттік кәсіпорындардың қарызын бюджетте көрсетуді ұсынды
Фото: Halyq Uni

АҚШ билігі Қазақстанға мемлекеттік кәсіпорындардың қарызының құрылымын бюджетте көрсетуді ұсынады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бюджеттегі мемлекеттік кәсіпорындардың қарызын ашып көрсету арқылы Қазақстанның қаржылық ашықтығы жақсарады; жылдың қорытындысы бойынша есепті орынды мерзімде жариялау және жоғары қаржылық бақылау органының халықаралық тәуелсіздік стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету ұсынылады, - делінген хабарламада.

Мемлекеттік департамент қарыз міндеттемелері туралы ақпарат жұртшылыққа, соның ішінде онлайн режимінде қолжетімді екенін, бірақ мемлекеттік кәсіпорындардың қарызы туралы толық ақпарат қамтылмағанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама