Halyq Uni логотип
×

Шекарадан өтпек болған шетелдіктің аяқ киімінен есірткі табылды

Оқиға Түркістан облысында болған

Шекарадан өтпек болған шетелдіктің аяқ киімінен есірткі табылды
фото: ашық дереккөзден

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек жолы шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдікті ұсталғаны туралы хабарлама түсті. Анықталғандай, аталған шекара бекетінен өту кезінде Қазақстаннан Өзбекстанға қарай өтіп бара жатқан орта жастағы ер азаматқа Пайк атты қызметтік ит үріп, белгі берген. Содан шекарашылар бірден жедел-тергеу тобын шақырған.

Жедел уәкілдер ер адамның Өзбекстан азаматы екенін анықтады. Сонымен қатар тәртіп сақшылары күдіктіні тінту кезінде оның жолсөмкесіндегі аяқ киім ішінен есірткі тектес зат тәркіледі, – дейді полиция.

Алынған зат сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша оның 2 грамға жуық марихуана екені расталды.

Аталған дерек қылмыстық кодекстің 286-бабы (айналымнан алынып қойған немесе айналымы шектелген заттар контрабандасы) бойынша тіркелді. Қазір шетел азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті қамауда отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама