×

Қызылордада өрт салдарынан қорадағы 16 қой мен 2 жылқы жанып кетті

Бұған қоса ашық алаңда жиналған 100 пресс шөп отқа оранған

 Динара Амантай 10.09.2022 | 15:50
Фото: zhambylnews.kz

Қызылорда облысында мал қораның өртенуі салдарынан 16 қой мен 2 жылқы жанып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, оқиға бүгін, 10 қыркүйекте Жаңақорған кентіндегі А.Асанов көшесі бойындағы тұрғын үйдің мал қорасында болған. Бұл жөнінде хабарлама сағат 2.18-де төтенше жағдайлар қызметіне түскен.

Хабарлама бойынша №14 өрт сөндіру бөлімінен 1 техника мен 4 қызметкер оқиға орнына барды. Анықталғаны, аумағы 10/20 шаршы метрді құрайтын мал қораның төбе жабыны толық жанған. Оған қоса ашық алаңда жиналған 100 пресс шөп отқа оранған. Мал қора ішінен 2 жылқы мен 16 қойдың жанып кеткен күйінде табылған», - деді Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Өрт 3.15-те толықтай сөндірілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісу облысындағы дала өрті Қытай шекарасына жеткені туралы хабарлаған едік. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама