×

Есіл өзеніндегі балықтардың жаппай қырылу себебі айтылды

Өзенде 85 келіге жуық өлген балық жиналған еді

 Қымбат Елтайқызы 14.02.2022 | 10:00
коллаж: Halyq Uni

Балықтардың жаппай қырылуын алдын алу үшін су айдынында тиісті жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері балық шаруашылығы су айдындарында мониторинг жүргізу барысында Есіл өзенінде балықтың жаппай қырылуын тоқтату және алдағы уақытта оны болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізді. Сонымен бірге мұз астында өлген балықтар жиналып, зертханалық зерттеуге жолданды. Қорытындысы белгілі болған соң жарияланады. Болжам бойынша, балықтың қырылуы мұз астында оттегі жетіспеушілігінен болуы мүмкін, - деді Балық шаруашылығы комитеті.

Ақмола облысы, Астрахан ауданының Новочеркасское ауылы маңындағы Есіл өзенінде 85 кг жуық өлген балық жиналған болатын. Қазір ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекция өкілдерімен бірлесіп, сынама жұмыстары жүргізіп жатыр. Қалған балық санитарлық нормаларды сақтай отырып, жойылды.

Қазір өзен суын мәжбүрлі аэрациялау үшін екі мотопомпа орнатылды. Бұл мұз астындағы суды оттегімен қамтамасыз етуге үлкен сеп. Су айдынының жағдайына мониторинг жалғасып жатыр.

Есіл өзені балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорына кіреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оралдық оқушы кішігірім құраммен мульттоптама түсіріп шықты

Алғашқы серияны түсіруге 6 ай уақыт кеткен
26.03.2023 | 13:55

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43