Halyq Uni логотип
×

Есіл өзеніндегі балықтардың жаппай қырылу себебі айтылды

Өзенде 85 келіге жуық өлген балық жиналған еді

 Қымбат Елтайқызы 14.02.2022 | 10:00
Есіл өзеніндегі балықтардың жаппай қырылу себебі айтылды
коллаж: Halyq Uni/Балық шаруашылығы комитеті

Балықтардың жаппай қырылуын алдын алу үшін су айдынында тиісті жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері балық шаруашылығы су айдындарында мониторинг жүргізу барысында Есіл өзенінде балықтың жаппай қырылуын тоқтату және алдағы уақытта оны болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізді. Сонымен бірге мұз астында өлген балықтар жиналып, зертханалық зерттеуге жолданды. Қорытындысы белгілі болған соң жарияланады. Болжам бойынша, балықтың қырылуы мұз астында оттегі жетіспеушілігінен болуы мүмкін, - деді Балық шаруашылығы комитеті.

Ақмола облысы, Астрахан ауданының Новочеркасское ауылы маңындағы Есіл өзенінде 85 кг жуық өлген балық жиналған болатын. Қазір ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекция өкілдерімен бірлесіп, сынама жұмыстары жүргізіп жатыр. Қалған балық санитарлық нормаларды сақтай отырып, жойылды.

Қазір өзен суын мәжбүрлі аэрациялау үшін екі мотопомпа орнатылды. Бұл мұз астындағы суды оттегімен қамтамасыз етуге үлкен сеп. Су айдынының жағдайына мониторинг жалғасып жатыр.

Есіл өзені балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорына кіреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама