Halyq Uni логотип
×

Солтүстік Корея ресми түрде өзін ядролық держава деп жариялады

Парламент сәйкесінше заңды қабылдады

 Динара Амантай 09.09.2022 | 17:43
Солтүстік Корея ресми түрде өзін ядролық держава деп жариялады
фото: Яндекс Дзен

Солтүстік Корея шабуыл қаупі төнген жағдайда ядролық соққыны алдын ала пайдалануға мүмкіндік беретін ядролық қару туралы заң қабылдады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Жоғарғы халық жиналысының отырысын өткізді. Ол жерде сыртқы шабуылдан қорғану үшін алдын ала пайдалануға мүмкіндік беретін ядролық қару туралы заң қабылданды.

Пхеньянда парламентте сөйлеген сөзінде Солтүстік Корея басшысы елдің ядролық мәртебесі енді қайтарылмайтынын және елді ядролық қарусыздандыру туралы талқылаудың енді мағынасы жоқ екенін айтты.

Олар бізге 100 күн, 1000 күн, 10 жыл немесе 100 жылға санкция сала берсін. Алайда басымызға төнген қиыншылықтарымызды уақытша жеңілдету үшін біз еліміздің қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік беретін құқығымыздан ешқашан бас тартпаймыз, – деді Ким Чен Ын.

Қабылданған құжатқа сәйкес, Солтүстік Корея егер басқа мемлекеттер ядролық немесе басқа да жаппай қырып-жоятын қаруды қолдана отырып, КХДР-ға шабуыл жасайтын болса, сонымен бірге мемлекет басшылығына және ядролық күштер қолбасшылығының басшыларына, елдің стратегиялық объектілеріне шабуыл жасаған жағдайда ядролық қаруды қолдана алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама